29 қараша 2011 Ж.
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің мәжіліс залында қарашаның 26 жұлдызында сағат 11.00-де ҚазЭУ-дің экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Қазақстан-достықтың киелі бесігі » атты салтанатты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешке қонақ ретінде Әуезов аудандық әкімшілігінен қонақ ретінде лауазымды өкілдер және кол
ледж әкімшілігі ,оқытушылар,студенттер қатысты.
Кештің басталуында Әуезов аудандық әкімінің орынбасары С. Т. Сайфеденов және колледж директоры Ж.А Әбіров мырза сөз сөйледі .Колледжімізде тәлім алып жатқан әрбір ұлт өкілдері кеште өз белсенділіктерін танытты, өз өнерлерін паш етті.
Қазақ халқының тәуелсіздік алғанға дейінгі уақыттарда басынан кешкен нәубет жылдардың қйыншылықтарын сахналық қойылым ретінде колледж студенттері көрсете білді . Атап айтсақ, хандық дәуірдегі оқиғалар және «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама»жайлы бейнелі көрініске ұласты.Патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды,тәуелсіздік тақырыбына арналған өлеңдер оқылды.Нәубет жылдардағы оқиғалар белесі кезең-кезеңмен атап өтілді. Бұл кеш көрермендер көңілінен шығып,ел тәуелсіздігі жайлы тың ойларға ұласты.