Қабылдау комиссиясы

Біздің колледж туралы сын-пікірлер

Мектеп қабырғасын бітірер түлек үшін, алдағы өмірі - шешімін таппаған жұмбақ секілді көрінер. Көңілінің қалауымен, талабының шегімен табылған мамандығы мен оқу орны, азаматтың өмірілік асыраушысы, ғұмырлық тірлігі болатыны рас.
Бізге білім ғана емес, өмірлік тәрбие бере білген ыстық ұя, білім ордамыз Талғар қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжінің филиалы болды. 2006 жылы аталған оқу орнының есігін аттаған оқушы, бүгінде өсер елдің тірегі бола алатын белді студент, болашақ маман атандық. Колледждің осы жылдар аралығында өркендеуі - естіген құлаққа сенімсіз болса да, көрген көз -біз үшін аян. Оқып білім алуымыз үшін барлық жағдай жасалған мекенде, тіпті, сабақтан қалғың келмейді.
Ұстазсыз шәкірт тұл. Айтар алғысымыз ұстаздарымызға нұр болып төгілсін. Бар ынта-жігерін бізге жұмсаған апай-ағайларымызға шаттық ғұмыр тілейміз.
Осынау болашағы жарқын отауды басқарып отырған, тәртіп пен білім бұлағын лайлатпай жүрген филиал директоры Мариям Мұхамедқалиқызына және басқару аппаратында отырған барлық тұлғаларға еңбектеріңіз өрлей берсін, қанаттарыңыз талмай, осы колледждің іргесін берік етуге үлестеріңіз тие берсін дегіміз келеді.
Жастар елдің болашағы, біздің колледж де жас болғандықтан болашақта талай биіктерді бағындыратындығына еш күмән келтірмейміз. Бергені көп, берері одан да көп білім ордамызға айтар алғысымыз, ізгі ниетіміз шексіз.
Мектеп бітіруші түлектер, ой-елегінде адасып жүрсеңіздер, сұранысы көп мамандыққа ие болғыңыз келсе, экономикалық колледжді айналып өтпессіздер.
Сапалы білім, саналы ойға ие болған құрдастарым үшін де қуаныштымын.
Жетер биігің шектелмесін аяулы оқу орнымыз!!!
Найманова Құндыз   бухгалтер    трк Алматы