Приемная комиссия

Отзывы о нашем колледже

Мен білім алып жүрген Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық унивирситетінің Экономикалық колледжінде оқимын. Бұл оқу орны маған өте ұнайды. Бұл колледжде білім беріп жүрген тәжірбиелі білімді және білікті ұстаздарға өте ризамын. Олар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз жолдауында айтқан: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» дегендей, бар күш жігерін аямай бүгінгі күннің талабына сай инновациялық, ақпараттық технологияларды пайдаланып біздерге сапалы білім беріп жатыр. Осы білім жолына еңбек етіп жүрген колледждің директоры Есмұқанов Кәрім Есмұқанұлы, кураторларымыз, ұстаздарымызға үлкен алғысымды білдіремін.
Колледж қажетті оқу, компьютерлік және мультимедиалық дәрісханалармен, кітапханамен және де жатақханамен қамтылған. Колледжде мәдени, спорттық шаралар ылғи да жүргізіліп тұрады. Студенттің салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы спорт алаңы және жаттығу залдары бар.
Мен қазір 2 курсты үздік аяқтап 3 курсқа көштім. Алған біліміме көңілім толады.
Мен осындай колледжде білім алып жүргенімді мақтан тұтамын. Келешекте Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосуымды армандаймын.

Смағұл Айдана   3 курс студенті